Облыста «ҚХА Kids-2026» балалар жазғы лагерінің кезекті маусымы өз мәресіне жетті. Шара 10 күнге жалғасты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шара 10 күнге жалғасты. Оған 8 бен 12 жас аралығындағы 15 бала қатысты. Оның ішінде түрлі ұлт өкілдерінің ұл-қыздары бар. Ұйымдастырушылардың сөзінше, қатысушылар қаламыздағы адам көп баратын орындарды аралаған, түрлі үйірмелерге қатысқан.
«Балалар қаламыздағы үлкен мәдени ошақтарды аралап, серуендеді. Олардың ішінде Мағжан орталығы, «Абылай хан резиденциясы» музей кешені және орталық мұражайлар бар. Бұдан бөлек, шаһарымыздағы Ботаникалық саябаққа барып, түрлі өсімдіктермен танысты. Ұл-қыздар 10 күннің ішінде жақсы көңіл көтеріп, білімдерін кеңейтті», — деді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Кемел Оспанов.
Балалар үшін демалыс мазмұнды әрі қызықты шараларға толы болды. Жас жеткіншектер өзге ұлттардың салт-дәстүрімен де танысты. Сонымен қатар, балаларға арнап шеберлік сабақтары, мәдени кездесулер мен түрлі ойындар ұйымдастырылды.
Лагерьдің соңғы күнінбе балалар көрерменге арнайы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынды. Жалпы, бұл игі бастама жас ұрпақтың бойына бірлік пен сыйластық құндылықтарын сіңіруге ықпал етуге бағытталған.
Тағы оқыңыз: СҚО-дағы медициналық мекемелерге 16 су жаңа көліктің кілті табысталды

