СҚО-да егіс науқаны аяқталды. Биыл жер емген диқандар 4 млн 300 мың гектар алқапқа дән сіңірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқаны аяқталды. Диқандарымыз бір айдың ішінде 4 млн 300 мың гектар алқапқа дән септі. Оның 2 млн 900 гектары — дәнді-дақылдарға арналған жер.

Майлы өнімдер алқабы бір млн гектарға жетті. Мал азықтық дақылдар — 231 мың гектар. Көкеніс 10 мың гектарға жуық алқапқа себілді.

«Егіс және орақ науқанын ойдағыдай өткеру үшін диқандарға 170 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді. Аграрилер биыл 59 мың тонна жанар-жағармаймен, 360 мың тонна минералды тыңайтқышпен қамтамасыз етілді. Маңызды науқанға барлығы 12 мыңнан астам техника шықты», — деп хабарлады СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Тайынша ауданында Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *