Петропавлда «Денсаулық аралы» акциясы акциясы өтті. Оның аясында қалалық емхана қызметкерлері тұрғындардың қанындағы қантты, холестеринді тексерді, деп хабарлайды  Qazaqstan Media.

Шара Петропавлдағы сауда-ойын сауық орталықтарында өтті. Себебі, орталықтарда адам көп жүреді. Қалалық емхана қызметкерлері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚОФ-пен бірлесіп үш күн бойы тұрғындардың қанындағы қантты, холестеринді тексерді. Бұл акция жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.

Биылғы шараға 300-ге жуық адам қатысып, өз денсаулықтары жайлы қажетті мәліметті ала алды. Ағымдағы жылы акцияға қаланың бірінші, екінші, үшінші емханалары мен «Денсаулық» және «ПриИшимья» жеке емханалары жұмылдырылды. Өткен жылмен салыстырғанда жастар өз денсаулығын тексеруге белсене қатысты.

«Акцияның арқасында тұрғындар өздерінің денсаулықтары туралы біліп, көбі жыл сайынғы скринингті кейінге қалдырмау қажет екенін көз жеткізді. Бұл акция МӘМС жүйесімен егжей-тегжейлі танысуға да мүмкіндік берді. МӘМС-ке енгізілген инновациялар туралы білді», — деді деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ СҚОФ бөлім басшысы Қарлығаш Ілиясова.

Тағы оқыңыз: Тайынша ауданында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай алты футбол алаңы ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *