Петропавлда отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған этнофестиваль өтті. Шара «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» айлығы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Тағылымы мол жиында ұлттық өнерімізге де баса назар аударылды. Этнофестиваль аясында көрме қанат жайды. Көпшілік назарына ұлттық киім, аспаптарымыз бен бұйымдарымыз ұсынылды. Қала тұрғыны Марат Шахмуратов – 74 жаста. Өнер саласында жүргеніне 60 жылға жуықтаған. Зейнеткер 20-дан астам аспаптың құлағында ойнайды. Жастарға бар білгенін үйреткісі келеді.

Петропавлда отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған этнофестиваль өтті
Петропавлда отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған этнофестиваль өтті

«Саз сырнайдың үнін естіген кезде кез келген адамның жүрегі елжірейді. Жастардың ұлттық аспапта ойнағанын қалаймын. Мен Алматыда Роза Бағлановамен жұмыс істедім. Бес жыл бірге еңбек еттік. Қолымнан әл кеткенше аспапта ойнаймын», — деді Марат Шахмұратов.

Шара аясында түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Дараланғандарына қомақты ақшалай сыйлықтар табысталды. Айта кету керек, этнофестиваль қас қарайғанша дейін жалғасады.

Тағы оқыңыз: Ақан сері атындағы облыстық филармония 61-ші маусымды тәмамдады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *