СҚО-да «Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 игі іс» акциясы өтті. Іс-шара кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Игі бастама ерекше назарды қажет ететін балаларды қолдауға, сондай-ақ өңір халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда «Ақселеу» ЖШС өз қаражаты есебінен «Ковыленская орта мектебі» мен «Бәйшешек» шағын-орталығының аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Нысандарға жалпы ауданы 294 шаршы метр жаңа кеспе тас төселді. Іске асырылған жоба оқушыларға, шағын орталық оқушыларына, педагогтар мен ата-аналарға қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.
Петропавл қаласында «Жалға алу және жылжымайтын мүлік» ЖШС облыс орталығындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін кинотеатрда мультипликациялық фильмнің қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды. М.Жұмабаев ауданында «АгроТехПролетарское» ЖШС қолдауымен Пролетарка ауылының демалыс орталығына шамамен 400 мың теңге сомасына музыкалық аппаратура сатып алынды. Аталған бағытта жұмыс жалғасады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы басталды

