СҚО-ға жұмыс сапарымен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келді. Ол облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге солтүстікқазақстандық диқандармен кездесті, инвестициялық жобалармен танысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

СҚО-ға жұмыс сапарымен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келді. Ол өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовпен диқандармен кездесіп, көктемгі дала жұмыстарының қарқынымен танысты. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелерін талқылады.

Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан кешенді қолдаудың нәтижесінде көктемгі егіс науқаны жоспарлы түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда облыс бойынша егіс науқаны 65 пайызға аяқталды. Биыл агроөнеркәсіп кешенін жеңілдетілген қаржыландыру аясында 170 млрд теңге бөлінген. Субсидиялауға 92 млрд теңге қарастырылыпты. Бұл шаруаларға агротехникалық шараларды уақытылы әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік беріп, мол өнім алуға берік негіз қалады.

Айдарбек Сапаров жұмыс сапары аясында агроөнеркәсіп кешеніндегі бірқатар ірі инвестициялық жобаларды аралады. Солардың қатарында жоңышқа өңдеу зауытының құрылысы, сондай-ақ «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің сегіз мың бас ірі қара малға арналған заманауи мега-сүт фермасы бар.

Жоба аясында 90 басқа арналған «Карусель» сауын қондырғысы орнатылады. Бұл кешен Қазақстандағы ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы ең ірі жобалардың біріне айналмақ. Бүгінде жоғары өнімді голштин тұқымының 429 бас төл малы жеткізілді.

«Мемлекет тарапынан Ауыл шаруашылығына зор қолдау көрсетілуде. Ерте жеңілдетілген пайызбен несие берілді. Екі жыл теріскейләк диқандар мол көлемде өнім алды. Биыл да жақсы көрсеткіш күтеміз», — деді Айдарбек Сейпілұлы.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда «Салауатты жаз» профилактикалық науқаны басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *