Бүгін «Береке» бөбекжай-бақшасы үшін тарихи күн. Бір жарым жыл бұрын ашылған мектепке дейінгі білім беру мекемесінде алғашқы түлектерді мектепке шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шығарып салу кешіне ұл-қыздардың ата-аналары қатысты. Тәрбиешілер мен жеткіншектер шараға арнап арнайы бағдарлама дайындаған.

«Биыл қазақ тобында 20 бала балабақшаны тәмамдайды. Бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтар мен тәлім-тәрбие бағытында жан-жақты білім бердік. Сабақтар «Адал азамат» бағдарламасы аясында өтті», — деді «Береке» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Гүлсім Оспанова.

Жеткіншектер қоштасу кешіне ұзақ уақыт дайындалған. Шара барысында балалар заманауи әндерді айтып, би биледі. Балалардың өнері басты қолдаушылары, ата-аналардың көңілінен шықты.

«Береке» бөбекжай-бақшасында балаларға барлық жағдай жасалған. Мекеменің іші кең, тәрбиешілері де өте мейірімді. Балам бөбекжай-бақшадан кеткісі келмейді», — деді Жансая Мәлікова.

Айта кетейік, «Береке» бөбекжай-бақшасы 140 орынға шақталған. Мұнда қазақ және орыс топтары жұмыс істейді. Мекеме ойын және спорт бөлмелерімен, сондай-ақ үйірме залдарымен қамтылған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да алаяқтар мектептегі тегін тамақ арқылы тұрғындарды алдай бастаған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *