2026 жылдың басынан бастап облыста 11–13 жас аралығындағы қыздарға АПВ-ға қарсы 957-ден астам
профилактикалық егу жүргізілді, оның ішінде 503 адам бірінші дозамен, 454 қыз екінші дозамен егілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қоғамда онкология десе төбе шашы тік тұрмайтын адам жоқ. Өкінішке қарай, әзірге әлемде аурудың ізін де қалдырмайтын дәрі жасалмай тұр. Алайда, алдын алу жолдары мәлім. Мысалы, жатыр мойны обыры деген бар. Ол 200-ден аса себеппен пайда болады. Соның ішіндегі бірнешеуі өлімге әкем соқтырады. Адам папиллома вирусы. Бұл емделмейді, түптің түбінде нәзікжандыларды жақынынан айыратын қатерлі ісікке алып келеді.

2026 жылдың басынан бастап облыста 11–13 жас аралығындағы қыздарға АПВ-ға қарсы 957-ден астам профилактикалық егу жүргізілді, оның ішінде 503 адам бірінші дозамен, 454 қыз екінші дозамен егілді. Ең басты міндет – төсек қатынасына дейін иммундалу, — деді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  басшысы Әсет Жұматаев.

Мамандардың сөзінше, үлкен өмірге аяқ басқан шақта қыздардың бойында арнайы антидене болуы тиіс. Ол адам папиллома вирусына қарсы тұрады. Сондықтан, Қазақстанда 11 жас таңдалды. Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы. Екпе мәжбүрлі түрде салынбайды. Ата-ананың келісімі міндетті түрде алынады. Бұл жерде әрбір адам өзінің көзқарасына қарай шешім қабылдауы қажет.

Тағы оқыңыз: Құрбан айт-2026: Қазақстанда құрбандық малы қанша тұрады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *