Демалыс күндері футболдан ел чемпионатының 11-тур ойындары өтті. Оның аясында жергілікті «Қызылжар» ФК ақтөбелік «Ақтөбе» командасымен тең түсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Матч сырт алаңда өтті. Фаворит — алаң иелері. Жыл сайын чемпиондыққа таласып келе жатқан команда.
Матч теріскейлік үшін ауыр болды. Статистика бойынша барлық тұрғыда алаң иелері басым түсті. Бірақ қақпашымыз Дмитрий Челядник өте жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бірінен соң бірі қауіпті соққыларды қайтарды.
«Қызылжар» ФК осы ойынға дейін төрт ойын қатарынан жеңілді. Теріскейліктер қазіргі таңда турнирлік кестеде 12 ұпаймен 11 орында тұр.
Тағы оқыңыз: Кішкенекөлде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында көктемгі кросс жарысы өтті

