Қазіргі таңда облыста ит-мысықты чиптеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін ветеринарлар Қызылжар ауданына барып, әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үй жануарларын чиптеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облыс бойынша 16 мың ит-мысық чиптелген. Тұрғындар үй жануарын өз ақшасына чиптейді. Әлеуметтік тұрғыда осал жандар үшін бұл қызмет тегін болады. Жалпы, бұл әдіс жоғалған жануарды жылдам тауып, оны егесіне қайтаруға мүмкіндік береді.

Таңба басу, ен салу деген секілді ескі әдістерге қарағанда электронды чиптеу – тиімді амал. Ал ережені орындамағандар үшін арнайы жаза қарастырылған екен.

СҚО-да 16 мың ит-мысық чиптелді
СҚО-да 16 мың ит-мысық чиптелді

«Чип – бұл жануардың электронды төлқұжаты. Оны салдырудан ит, мысыққа еш зиян жоқ. Ақпараттық базаға иесі туралы да мәлімет енгізіледі», — деді СҚО ветеринария басқармасының бас маманы Мадиан Тұйғымбаева.

Тағы оқыңыз: Білікті мамандар үшін жаһандық бәсеке: Сарапшылар «Алтын визаның» әлеуетін жоғары бағалады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *