Қазақстанда көлік құралдарын тіркеу, жүргізушілерді даярлау және жүргізуші куәліктерін беру ережелері өзгереді.  ІІМ автокөлік сату, емтихан тапсыру және жүргізуші куәлігін беру жүйесіне цифрлық реформа енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

ІІМ-нің 2026 жылғы 12 мамырдағы бұйрығы Әділет министрлігінде тіркелді. Құжат Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен келісілген. Енді автокөлікті сатып алу-сату рәсімін толықтай онлайн жасауға болады. Көлікті тіркеу мен меншік құқығын беру «eGov» порталы немесе банк қосымшалары арқылы электронды цифрлық қолтаңба көмегімен жүзеге асады.

Сонымен қатар, көлікті тексеру де цифрлық форматқа көшіріледі. Полицейлер автокөлікті фотоға түсіріп, электронды акт рәсімдейді. Ол 14 күн жарамды болады. Жаңа ережеге сәйкес, «автомат» көлігімен емтихан тапсырған жүргізушілерге қойылатын басты шектеу алынып тасталады. Бұған дейін мұндай жүргізушілер механикалық беріліс қорабы бар көлікті тізгіндеуге заң жүзінде құқылы болмаған.

Жүргізуші куәлігін алу емтиханына eGov немесе банк қосымшалары арқылы жазылуға болады. Үміткерлер міндетті түрде биометриялық сәйкестендіруден өтеді. Сондай-ақ жүргізуші куәлігі eGov mobile қосымшасында цифрлық форматта қолжетімді болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мәдениет және өнер қызметкерлері түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *