11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2026 жылғы 2 маусым мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі.
Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2026 жылғы 17–18 маусым аралығында өтеді.
Аттестат тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында өткізіледі.
Айта кету керек, министрлік биыл да мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда өткізуге тыйым салып отыр.
Тағы оқыңыз: СҚО-да мәдениет және өнер қызметкерлері түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды

