СҚО-ға ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов келді. Ол жұмыс сапары барысында өңір тұрғындарымен кездесті, өндіріс орындарын аралады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Вице-министр барған алғашқы нысан – “RiM-KazAgro” серіктестігінің қағаз өндіру фабрикасы. Бүгінде аталған кәсіпорын макулатураны қайта өңдеп, дайын өнім шығарады. Жұмыс тобы цехты аралап, өндірістік желінің қуатына назар аударды.

Содан соң Әсет Нүсіпов «Зеленый Север» серіктестігінің жылыжай кешенінде болды. Қазіргі уақытта бұл жерде заманауи технологиялардың көмегімен қияр мен қызанақ өсіріліп жатыр. Жылыжайдың жылдық қуаттылығы – үш мың тонна. Құйылған инвестиция көлемі жеті млрд теңгеден асады.

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Петропавлдағы кәсіпорындарды аралады
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Петропавлдағы кәсіпорындарды аралады

«Біз жаңа ғана қағаз өндірісінің жұмысымен таныстық. Қазіргі уақытта қияр өсіру кешеніндеміз. Жалпы алғанда, кәсіпорынның көрсеткіштері жақсы, айтарлықтай жетістіктері де бар. Отандық бизнестің өз алдына қойылған міндеттерді тиісті деңгейде орындап отырғанын көріп отырмыз. Бұған қоса, мұндай компаниялардың даму әлеуеті өте жоғары. Мен осындай бастамалардың келешегі зор деп есептеймін және мемлекет тарапынан қолдау әрдайым жалғаса береді», — деді ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қазақ тілінің жанашырлары «Сауатты көрнекі ақпарат – біздің ортақ ісіміз» аты акциясын бастады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *