Қазақстанда жыл сайын мұрагерлікке қатысты 7 мыңға жуық азаматтық іс сотта қаралады. Олардың басым бөлігі мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіруге байланысты. Осы орайда  Жоғары сот жаңа нормативтік қаулы қабылдады. Бұл туралы 24 KZ арнасы мәлідеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қолданыстағы заңға сәйкес, мұрагер мұра ашылған күннен бастап 6 ай ішінде нотариусқа өтініш беруі тиіс. Алайда кей азаматтар бұл мерзімді білмей өткізіп алады. Кейбірі басқа елді мекенде тұрады, енді бірі денсаулығына немесе қаржылық жағдайына байланысты уақытында бара алмайды.

Осы олқылықтарды реттеу үшін Жоғарғы Сот арнайы нормативтік қаулы жобасын қабылдады. Енді мұрагердің басқа қалаға немесе ауылға арнайы баруы міндетті емес. Ол кез келген нотариусқа барып, өтінішін куәландырып, құжатты пошта арқылы жібере алады.

«Орташа алғанда елде жыл сайын мұрагерлікке байланысты 7 мыңға жуық азаматтық істер қаралады. Оның ішінде ең көп саны мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы. Мұраны қабылдау мерзімі ол заңда белгіленген. 6 айды құрайды. Осыны азаматтар білуі тиіс. Егер бұл мерзім дәлелсіз себептермен онда мұрагер өзінің мұрагерлік құқығынан айырылуы мүмкін»,- Баян Тоқтарова, ҚР Жоғарғы сотының судьясы.

Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры Гүлнара Рысбекова азаматтардың көбіне алдымен нотариусқа жүгінетінін айтты. Бірақ кей жағдайда құжаттары толық болмайды немесе 6 айлық мерзім өтіп кеткеннен кейін келеді.

«Халық ең алдымен сотқа емес, нотариусқа келеді. Өкініштісі, азаматтар 6 ай ішінде келу керек екенін білмейді. Құжаттары да толық болмайды. Ал біз нақты фактімен жұмыс істейміз, сондықтан куәлік беруден бас тартуға мәжбүрміз. Жоғарғы Сот бұл мәселені 2 жыл зерттеп, жаңа қаулы ұсынып отыр. Енді «заңды білмедім» деген сөз уақытты ұзартуға дәлелді себеп бола алмайтыны нақты айтылды»,- дейді Гүлнара Рысбекова.

Тағы оқыңыз: 27 мамыр күні таңғы алтыда СҚО-ның барлық мешіттерінде Айт намазы оқылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *