Петропавлдағы Тұңғыш Президент саябағында «Заң әрекетте» атты құқықтық квест ұйымдастырылды. Шара «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды құрметтеуге шақыру. Сонымен қатар, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға ынталандыру. Квестке бірнеше колледжден жиналған студенттер қатысып, бес командаға бөлінді.

Қатысушылар түрлі логикалық, интерактивті және интеллектуалдық тапсырмаларды орындап, жасырылған жұмбақтарды шешті. Сайыс барысында жастардың білімі мен командалық жұмыс дағдылары сыналды. Үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.




«Бүгінгі квест жастардың заң талаптарын тереңірек түсінуіне ықпал етеді. Осындай шаралар арқылы студенттер құқықтық мәдениетін дамытып, бірлесе жұмыс істеудің маңызын ұғынады. Алдағы уақытта мұндай шараларды жиі өткіземіз», — деді СҚО ІСБ қоғамдық келісім және даму ресурстық орталығының маманы Алмагүл Ғаббас.

Тағы оқыңыз: Петропавлда оқытушылар мен студенттерге Александр Викторенко атындағы диплом және алғыс хат табысталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *