Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер Петропавлға есірткі жеткізіп жүрген жігітті ұстады. Астана қаласының 19 жастағы тұрғыны  синтетикалық есірткі заттарын таратты деген күдікке ілінді, деп жазады Qazaqstan Media.

Есірткі таратушы жетінші мамыр күні Парковая көшесінде ұсталды. Одан  ішінде сарғыш түсті ұнтақ тәрізді заты бар 88 орама тәркіленді. Сараптама  олардың жалпы салмағы 90 грамм болатын мефедрон екенін көрсетті. Полицейлердің айтуынша, мұндай көлем шамамен 300 адамды есірткіге тәуелді етуге жетеді.

Күдіктінің айтуынша, ол бұл заңсыз әрекетпен наурыз айынан бері айналысқан. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде. Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізгені үшін оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жыл басынан бері СҚО-да есірткіге қатысты 112 құқық бұзушылық тіркелді, оның 58-і — есірткі өткізу фактілері. Есірткінің таралуына қарсы күрес — «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясындағы полиция жұмысының маңызды бағыттарының бірі.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімінің бұрынғы орынбасары жаһандық денсаулық сақтау комитетіне басшылық етті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *