Петропавлда колледж студенттері арасында білім сайысы өтті. «Quiz» жарысы адамның иммунтапшылық вирусы мен нашақорлықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі таңда өңірде жұқпалы инфекцияның таралу деңгейі орташа деңгейде. Осы сияқты шаралар жастардың денсаулыққа немқұрайлы қарамауына көмек көрсетеді. Сондықтан, осы тақырыпта жыл бойы түрлі кездесулер, дәрістер мен түсіндіру жұмыстары өткізілетін болады.

«Сайысқа 6-7 адамнан құралған төрт команда қатысуда. Қатысушыларға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алғашқы белгілері және алдын алу шаралары бойынша сұрақтар қоямыз. Жеңімпаздар сұрақтарға ең жылдам әрі дұрыс жауап беру арқылы анықталады», — деді СҚО АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталықтың дәрігер-дерматовенерологы Әсия Шәріпова.

Шарада жастап АИТВ туралы тың мәліметтер алып, қауіпті індеттен сақтану жолдарын білді. Іс-шара соңында үздік командаларға сертификаттар мен сыйлықтар табысталды. Мамандардың айтуынша, жұқпалы инфекция көбіне нашақорлар пайдаланатын ине арқылы таралады.

Тағы оқыңыз: Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы кемінде үш жылда бір рет өседі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *