Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Құжатта зерделі ұлт қалыптастыру, кітап оқуды насихаттау және оқырман инфрақұрылымын жаңғырту негізгі басымдық ретінде белгіленген. Елде жаңа форматтағы кітапханалар мен қоғамдық кеңістіктер ашылып, цифрлық құралдар кеңінен енгізіледі.
Үкіметке балалар мен жастар арасында кітап оқуды дамыту, ұлттық әдеби мұраны насихаттау және отандық жазушыларды қолдау тапсырылды.
Сонымен қатар:
— 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасы іске қосылады;
— 2027 жылға дейін кітап оқу мәдениетін дамытудағы жетістіктер үшін Ұлттық сыйлық тағайындалады;
— бірыңғай Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады;
— «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» жаңа заң жобасы әзірленеді.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да мәдениет қызметкерлері арасында спартакиада өтіп жатыр

