Қазақстан аумағында креативті индустрияларды дамытуға бағытталған ауқымды білім беру бағдарламасы басталмақ. Бұл бастаманы Креативті индустрияларды дамыту қоры жүзеге асырады. Жоба елдің барлық 20 өңірін қамтып, шығармашылық саланың дамуына серпін беруді көздейді, деп жазады Qazaqstan Media.

Бағдарлама аясында өңірлердегі креаторларға тәжірибелік білім беріліп, жаңа жобаларды дамытуға және креативті кәсіпкерлікті қолдауға басымдық беріледі. Қор өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда әлемде креативті экономика қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі саналады. Қазақстандық шығармашыл мамандар музыка, дизайн, digital-контент, кино және жаңа медиа салаларында елеулі жетістіктерге жетіп, халықаралық нарыққа да шыға бастады.

Алайда өңірлерде тәжірибелі мамандар мен кәсіби білімге қолжетімділік мәселесі әлі де өзекті. Осыған байланысты қор практикалық тәжірибесі бар сарапшыларды ынтымақтастыққа шақырып отыр. Білім беру бағдарламасы кино, музыка, театр, анимация және дизайн сияқты бірнеше бағытты қамтиды. Жоба аясында воркшоптар, интенсивтер мен менторлық бағдарламалар ұйымдастырылады.

Іріктеуге креативті индустрия саласында кемінде үш жылдық тәжірибесі бар, кәсіби портфолиосы қалыптасқан мамандар қатыса алады. Үміткерлерден ілеспе хат, өзекті түйіндеме және портфолио талап етіледі.

Бұл бастама Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасы аясында қолға алынған. Қордың негізгі мақсаты – таланттарды қолдау, өңірлердегі шығармашылық экожүйені нығайту және қазақстандық креаторлардың бәсекеге қабілетті жобаларын дамыту.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда мейірбикелердің еңбегі еленді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *