34 жылын мейіргер ісіне арнаған білікті маман. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының мейірбикесі Алма Қайыржанова өмірі мен еңбегін медицинаға арнаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

12 мамыр — Дүниежүзілік Мейіргерлер күні. Айтулы мерекеге орай редакция тілшісі облыстық көпбейінді балалар ауруханасының мейіргері Алма Қайыржановамен тілдесті. Нәзікжанды медицина саласына 34 жылын арнаған.

Ол 1988 жылы республикалық медициналық училищені тәмамдаған. 24 жыл бойы аталған медициналық мекемеде еңбек етеді. Бұл сандардың артында не жатыр? Мыңдаған ұйқысыз өткен кезекшілік, темірдей тәртіп мен балалардың күлкісі.

Алма Сәрсенбекқызы — үнемі ізденісте жүретін жоғары санатты кәсіби маман. Бүгінде ол жас мамандармен өзінің баға жетпес тәжірибесін бөлісіп жүр. Тек медициналық дағдыларға ғана емес, адамгершілік пен еңбекке де баулиды.

«Медицина қызметкері аса ұқыпты болуы тиіс. Әр іске жауапкершілікке қараған жөн. Жұрттың қарғысына емес алғысына бөленуі тиіс. Науқасқа сыпайылық таныту — басты міндет. Жарты өмірімді осы салаға арнағаныма еш өкінбеймін», — деді Алма Сәрсенбекқызы.

Тағы оқыңыз: СҚО-да интернет-алаяқтарға алданғандардың басым бөлігі — қарттар

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *