6 мамыр күні Уәлиханов ауданында ауыл тұрғындарымен «Заң, тәртіп және патриотизм» тақырыбында кездесу жиыны ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті нығайту және отансүйгіштік құндылықтарды насихаттау, деп жазады Qazaqstan Media.
Бидайық ауылындағы кездесу барысында заң талаптарын сақтау – әр азаматтың басты міндеті екені атап өтілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері қоғамдық орындардағы тәртіп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі жөнінде нақты ақпарат берілді.
Жиында патриотизм тақырыбына ерекше назар аударылды. Қатысушылар туған жерге деген сүйіспеншілік, ел дамуына үлес қосу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен ынтымақтың маңыздылығы туралы пікір алмасты. Жас ұрпақты тәрбиелеуде отбасы мен қоғамның рөлі де кеңінен талқыланды.
Кездесу соңында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Ашық форматта өткен жиын халық пен мамандар арасындағы байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді бірге талқылауға мүмкіндік берді.
Мұндай кездесулер қоғамдағы тәртіпті сақтауға, азаматтардың жауапкершілігін арттыруға және патриоттық рухты нығайтуға оң әсерін тигізеді.
Тағы оқыңыз: Петропавлда «Жеңіс бірлікте» марафоны өтті

