Бүгін Тұңғыш Президент саябағында Жеңіс күніне орай жаппай жүгіру жарысы өтті. Шараны жергілікті ассамблея қызметкерлері ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жаппай жүгіру жарысына «Жеңіс бірлікті» атауы арқау болды. Шараға еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін қатысты. Басты мақсат – тұрғындар салауатты өмір салтын насихаттау, аға мен жас буын арасындағы сабақтастықты нығайту.
Петропавлда «Жеңіс бірлікте» марафоны өтті
«Бұл — жылда ұйымдастырылатын жарыс. Жолай өтіп бара жатқан әр тұрғынға есігіміз ашық. Бүгін оқ бойы озық шыққандар бағалы сыйлықтармен маратталады.
Бәсекеге барлығы – 100-ге жуық жан қатысты. Қатысушылар ең алдымен денелерін қыздырып, жаттығу жасады. Бірер сәттен соң жарыс жолына шығып, жүгіріп кетті.
Олар саябақ бойымен бір шақырымдық жолды жүгіріп өтуі тиіс. Бірі жарыс жолынан шығып қалып жатса, енді бірі мәреге жетуге барын салды. Спорттық мереке соңында қатысушыларға дипломдар табыс етілді. Дараланғандары бағалы сыйлықтармен марапатталды.