Облыс орталығының тұрғындары бір аптада полицияға үш мылтық тапсырған. Олардың барлығына ақшалай сыйлық табысталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Полицейлер Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын тіркелмеген қаруды тапсыруға шақырады. Себебі, 20 -сәуірден бастап әрбір азаматта оны заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен құтылып қана қоймай, ақшалай сыйақы алу мүмкіндігі бар. Өңірде қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде ақылы тапсыру акциясы өткізілуде.
Петропавл қаласында бұл мүмкіндікті үш адам пайдаланды. Полицияға 12 калибрлі «Stoeger Model 2000», 28 калибрлі «ИЖ-ЗК» және 16 калибрлі «ТОЗ-Б» тегіс ұңғылы мылтықтар тапсырылды. Барлық үлгілер атуға жарамды деп танылды. Төлем мөлшері санатына байланысты: жаңалары үшін — 129 750 теңге, бұрын пайдаланылғандары үшін — 90 829 теңге.
«Қаруды заңсыз сақтау қауіп төндіреді және қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін. Сыйақы тек қосымша ынталандыру екенін түсіну маңызды. Ерікті түрде тапсыру — жауапкершіліктен құтылудың жалғыз жолы», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Энергетиктерге жеңілдетілген ипотека берілетін болды

