Солтүстік Қазақстан облысында мамыр айы әдеттегіден жылы болады.  Дегенмен синоптиктер тұрғындарды үсік, найзағай, тұман және қатты желге дайын болуға шақырады, деп жазады Qazaqstan Media.

«Қазгидромет» болжамынша, мамырда өңірдегі орташа ауа температурасы +14,7…+15,1°С болады. Бұл климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары.

Айдың алғашқы онкүндігінде түнде +2…+7°С шамасында болады. Облыстың солтүстігінде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Кейін түнгі температура +8…+13°С-қа дейін көтеріледі. Күндіз ауа райы +14…+19°С-тан +22…+27°С-қа дейін жылынады.

Екінші онкүндікте де температура құбылмалы болады. Түнде +2…+7°С сақталып, топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік болуы ықтимал. Кейін түнде +10…+15°С, күндіз +24…+29°С-қа дейін жылынады.

Үшінші онкүндікте алдымен күн суытады. Түнде 0…+5°С, топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз +12…+17°С болады. Ал ай соңына қарай қайта жылып, күндізгі температура +26…+31°С-қа дейін жетуі мүмкін.

Жауын-шашын мөлшері айлық норма шамасында — 25-39 мм болады деп күтіледі. Мамыр бойы жаңбыр, найзағай және жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететін жел жиі қайталануы ықтимал. Екінші онкүндіктің басында тұман түсуі мүмкін.

Тағы оқыңыз: Кішкенекөл мектеп-гимназиясында лудоманияның алдын алу мәселесі талқыланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *