Қазақстанда энергетика саласында жұмыс істейтін мамандарға жеңілдетілген ипотека беру жоспары қарастырылып жатыр. Бұл туралы  BAQ.KZ жазды, деп хабарлайды QM.

Бұл бастама «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасы аясында жүзеге аспақ. Негізгі мақсат – саладағы кадр тапшылығын азайтып, жас мамандарды тарту.

Бүгінде энергетика секторында бірқатар өзекті проблема бар. Көп кәсіпорында қызметкерлердің жасы ұлғайып кеткен. Ал жас, білікті мамандар жеткіліксіз. Әсіресе цифрлық технологиялар мен автоматтандыруды меңгерген кадрлар тапшы.

Ал алдағы жылдары жаңа электр станциялары салынып, ескі нысандар жаңғыртылады. Бұл өз кезегінде салаға жаңа деңгейдегі мамандарды қажет етеді.

«Ұлттық жоба аясында кадр мәселесін шешу үшін мамандарды қайта оқыту және біліктілігін арттыру,цифрлық жүйелермен жұмыс істеуді үйрету,өндірістік қауіпсіздік пен экология талаптарын күшейту секілді бағыттар қолға алынады»,- дейді Энергетика министрлігі.

Яғни, тек жаңа кадр тарту емес, қазіргі қызметкерлерді де заман талабына сай бейімдеу көзделіп отыр.

Саладағы ең үлкен мәселелердің бірі – тұрғын үй. Осыны ескере отырып, энергетиктерге арнайы жеңілдетілген ипотека ұсынылмақ.

«Энергетика кәсіпорындарының қызметкерлерін баспанамен қамту үшін жұмыс берушілердің қатысуын көздейтін «Отбасы банк» АҚ-ның «Корпоративтік» бағдарламасы негізінде жеңілдетілген несиелеу тетіктерін пайдалана отырып, корпоративтік тұрғын үй бағдарламаларын енгізу жоспарлануда»,- дейді министрлік.

Бұл тәсіл энергетика саласын жастар үшін тартымды етуге бағытталған.

Тағы оқыңыз: Мамырда қазақстандықтар 14 күн демалады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *