Биыл мамыр айында қазақстандықтарды бірнеше мерекелік демалыс күтіп тұр. Күнтізбеге сәйкес, бұл айда үш мемлекеттік мереке мен Құрбан айттың бірінші күні бар, деп жазады Qazaqstan Media.

Мамырдағы мемлекеттік мерекелер:

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. Биыл бұл күн жұмаға сәйкес келеді.

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні. Бұл мереке бейсенбі күні атап өтіледі.

9 мамыр — Жеңіс күні. Мереке сенбіге түсіп тұрғандықтан, заңға сәйкес демалыс күні 11 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылады.

Сондай-ақ 27 мамыр, сәрсенбі күні — Құрбан айттың бірінші күні. Бұл күн де демалыс болып есептеледі.

Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар мамырда 1, 2, 3, 7, 9, 10, 11 және 27 мамыр күндері демалады. Жалпы мерекелік және демалыс күндерін қосқанда ай ішінде 14 күн демалыс болады.

Ал алты күндік жұмыс аптасында 1 мамыр, 3 мамыр, 7 мамыр, 9 және 10 мамыр, 27 мамыр демалыс күні болып бекітіледі. 2 және 11 мамыр — жұмыс күндері.

Мамыр айында кәсіби және халықаралық даталар да бар. 17 мамырда Байланыс қызметкерлері күні. 21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні, 31 мамырда Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні атап өтіледі.

Сонымен қатар, 3 мамыр — Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні, 15 мамыр — Халықаралық отбасы күні, 31 мамыр — Бүкіләлемдік темекісіз күн.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл мопед пен скутер жүргізушілерінің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы тіркелді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *