Облыс орталығында полиция қызметкерлері мопед пен скутер жүргізушілеріне кезекті рейдтік іс-шара өткізді. Айта кету керек, 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопед пен скутер механикалық көлік құралы ретінде есептеледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Тексеріс барысында тәртіп сақшылары жүргізуші куәлігі, көлік құжаттары мен қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды. Мамандардың айтуынша, екі дөңгелекті көліктерге қатысты заң талаптары күшейген. Оларды заңды түрде пайдалану үшін міндетті түрде тіркеуден өткізу қажет, жүргізуші куәлігі мен техникалық байқаудан өтуі де міндетті.
Егер тұлға арнайы куәліксіз қос дөңгелекті көлікті басқарса, жылжымалы құрал айыптұрағына қойылады. Елімізде мопедтер жайдан-жай тіркеліп жатқан жоқ. Соңғы жылдары мұндай темір тұлпарды тізгіндейтіндер көбейді. Тиісінше, апат саны артты. 2025 жылдың 12 айындағы мәлімет бойынша өңірде 25 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 30 адам жарақат алған.
«Жүргізуші куәлігінсіз басқарған адамға 20 айлық есептік көрсеткіш, ал тіркелмеген көлік үшін бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Биыл мопед пен скутердің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы тіркелді», — деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Облыс аумағында ұрланған малдың етін Ақмола облысында сатпақ болғандар ұсталды

