Петропавлда есірткі қылмысының алдын алуға арналған маңызды кездесу өтті. Басқосу барысында құқық қорғау саласының мамандары жастарға зиянды затты сату мен тұтынудың салдары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жыл басынан бері облыста 70-тен астам есірткі қылмысы тіркелген. Оның 32-сі зиянды затты сақтау болса, 39-ы — өткізуге қатысты. Сонымен қатар, есірткіні жарнамалау мен өсіруге байланысты да бірқатар дерек анықталған.

Петропавлда есірткі қылмысының алдын алуға арналған шара өтті
Петропавлда есірткі қылмысының алдын алуға арналған шара өтті

«Бұл іс-шара «Заң және тәртіп» қағидаты аясында өткізілді. Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған. Басты мақсат — жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру. Кездесу барысында қатысушылар арасында ашық диалог орнайды», — деді СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының бөлім басшысы Анастасия Волкова.

Шара құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Жастар оларға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.
Арнайы әзірленген бейнематериалды да тамашалады. Мұндай шаралар алдағы уақытта да өтетіе болады.

Тағы оқыңыз: Қанат Бозымбаев солтүстікқазақстандық орманшылармен кездесті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *