СҚО аудандарында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында «Ауданды тазалайық» экологиялық акциясы өтті. Оған өңір бойынша 1500-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облыс аудандарында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында «Ауданды тазалайық» экологиялық акциясы өтті. Шара аясында тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды жинады. Сонымен қатар, көшелерді, аулаларды, жасыл желек пен гүлзарларды ретке келтірді.

Күн жылынған соң облыста абаттандыру жұмыстары дәстүрлі түрде жандана түседі. «Ауданды тазалайық» акциясы осы маусымдық жұмыстардың бір бөлігіне айналды. Акцияға аудандық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясының белсенділері мен мүшелері, жастар өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Жұмыстар аудан орталықтары мен ауылдық округтерде бір мезгілде жүргізілді.

Ақжар ауданында тазалық жұмыстары таңертең ерте басталды. Белсенділер, мемлекеттік қызметшілер мен қоғам өкілдері көшелерді қоқыстан тазартып, әлеуметтік нысандар маңындағы аумақтарды ретке келтірді. Сонымен қатар, тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жұмыстарын ұйымдастырды.

«Күн жылынған кезде уақытты тиімді пайдаланып, тазалық жұмыстарын жандандыру аса маңызды. Бүгін аудан тұрғындары мұндай іске белсенді қатысуға дайын екенін көрсетті. Бұл тек санитарлық жағдайды жақсарту үшін ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру үшін де қажет», – деді «AMANAT» партиясы Ақжар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ермек Қайыржанов.

Айта кетейік, өткен жылдың басынан бері «Таза Қазақстан» науқаны аясында өңірде 400-ден астам экологиялық іс-шара өткізіліп, 600 тоннадан астам қоқыс жиналды. Бүгінгі өткен акцияға облыс бойынша 1500 адам қатысты.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданындағы кітапхана ісінің майталманы

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *