Семейде қазақ күресінен жастар арасында ел чемпионаты өтіп жатыр. Бәсі биік додада теріскейлік палуан Әділет Мырзаш чемпион атанды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Әділет Мырзаш жеңіс жолында бес кездесу өткізді. Алғашқы белдесуде Абай облысының палуаны Жандос Қадыржанның жауырынын жер иіскетті. Кейін түркістандық Мейірхан Бейсенәліден басым түсті.

Ширек финалда Маңғыстау облысынан келген Адалбек Джайманнан жартылай жеңіс ұпайымен басым түсті. Ақтық сын жолдамасы берілетін белдесуде павлодарлық Нұрсұлтан Шектібаевті таза түсіріп, жеңіске жетті. Жерлесіміз финалда Жамбыл облысының үкілеген үміті Сенім Махамбетпен кездесті. Негізгі уақыт тең аяқталып, палуандар қоян-қолтық белдесуге дейін жетті. Бұл кезеңде Әділет қарсыласынан басым түсіп, ҚР чемпионы атанды. Айта кету керек, ел чемпионатына облыстан 8 спортшы аттанды

Тағы оқыңыз: М.Жұмабаев ауданындағы Достық ауылында жоғары жылдамдықты интернет іске қосылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *