Қазақстанда  жалға алынған баспананың 50 пайызын мемлекет өтейтін бағдарламаның ережелері өзгертілді. Енді адамның шынымен сол баспанада тұрып жатқанын тексеретін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өзгерістер туралы «Крыша» сайты жазды.  Бұл бағдарламға көпбалалы отбасылар, жетім балалар, I және II топтағы мүгедектер, және мүгедек  баланы тәрбиелеп отырған отбасылар ала алады. Субсидяның жартысын мемлекет төлейді.

Ол үшін табыс мөлшері бір адамға шаққанда күнкөріс минимумынан аспауы тиіс. Бұл 2026 жылы 50 851 теңгені құрап отыр. Мысалы, 5 адамнан тұратын отбасы үшін шекті табыс — айына 254,2 мың теңге болуы керек.

Бағдарламаның операторы — «Отбасы банк».  Өтінішті кез келген уақытта otbasybank.kz арқылы беруге болады.

Не өзгерді?

Енді өтініш беру мен тексеру толық онлайн жүргізіледі.  Мәліметтер мемлекеттік базалар арқылы автоматты тексеріледі.  Барлық әрекет жүйеде тіркеледі.  Тексерулер тұрақты болады. Әкімдік мамандары  әр тоқсан сайын тексеріс жүргізе алады.  Олар субсидия алушы сол мекенжайда шынымен тұра ма, бөтен адамдар жоқ па, пәтер заңсыз қайта жалға берілмеген бе екендігін қарайды.

Егер пәтерде бөгде адам тұрып жатса, 3 күн ішінде жағдайды түзету қажет. Егер талап орындалмаса немесе қайта бұзылса, субсидия тоқтатылады. Оны қайта қалпына келтіру мүмкін болмайды.  Туыстардан жалға алуға тыйым салынған.  Бұл өзгерістер 12 шілдеден бастап күшіне енеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл ішінде жүйткіген жүргізуші ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *