Петропавлдағы көпсалалы облыстық ауруханада грыжаны алып тастау үшін омыртқаға операция жасалды. Нейрохирургтері алғаш рет «olif» әдісі бойынша алдыңғы жұлын синтезін жасады, деп жазады Qazaqstan Media.

Ота жасағанға дейін Елена Колосова омыртқадағы ауырсынуды басу үшін түрлі дәрілерді ішіпті. Кейін жағдай ушығып,  облыстық ауруханаға жүгінеді.  Тексерілуден кейін дәрігерлер алдыңғы жұлын синтезін жүргізу туралы шешім қабылдайды. Айта кету керек, мұндай операция өңірде алғаш жасалып отыр.  Ол  омыртқааралық грыжаны алып тастауға мүмкіндік береді. 

СҚО-да дәрігерлер алғаш рет омыртқаларды пластик материалмен алмастырды
СҚО-да дәрігерлер алғаш рет омыртқаларды пластик материалмен алмастырды

«Осы күнге дейін бұл операциялар тек Алматы, Астана, Қарағанды және Орал қалаларында жүргізілді. Біздің қала омыртқаларды пластикалық материалмен алмастыру арқылы күрделі операция жасаған бесінші қала болды. МӘМС аясында 48 жастағы науқасқа операция жасалды. Алдағы уақытта осындай операцияларды тұрақты негізде жүргізуді жоспарлап отырмыз», — дейді нейрохирург Балхар Шатуев.

Омыртқадағы грыжаны алып тастаудың жаңа әдісі-ең күрделі әдістердің бірі. Ол МӘМС аясында науқасқа тегін жасалды.

«Мен мұндай операцияны уақтылы жасағаныма өте қуаныштымын. Қазір ештеңе ауырмайды. Қалпыма келіп жатырмын. Сақтандыру мәртебесінің арқасында ота сәтті әрі тез жасалды. Оңалтудан кейін бірден жұмысқа шығамын. Дәрігерлерге рахмет», — деді Елена Колосова.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Солнечный-2» мен «Оңтүстікте» 1419 жер учаскесі берілмек

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *