Петропавлда Жеңіс күні мерекесіне орай Жеңіс саябағы қоқыстан тазаланды. Полицейлер демалыс орнын толық  тазалап, қалдықтарды үш жүк көлігімен сыртқа шығарды, деп жазады Qazaqstan Media.

Мамыр айындағы мерекелер қарсаңында тәртіп сақшылары қаламыздағы ірі саябақтардың бірінде ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды. Олар Жеңіс саябағында сенбілік өткізіп, демалыс орнын жаңартып, көркейттті.  Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірін тазартуға сол күні кезекшілікке тартылмаған барлық қызметкерлер қатысты.

Петропавлда полицейлер Жеңіс саябағын қоқыстан тазалады
Петропавлда полицейлер Жеңіс саябағын қоқыстан тазалады

Саябақтың 85 мың шаршы метр аумағы учаскелерге бөлінді. Жеке құраммен бірге қоғамдық жұмысқа Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің және Петропавл қ. полиция басқармасының басшылығы да қатысты. 

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шара алдағы көктемгі мерекелерге, оның ішінде Жеңіс күніне арналды.Саябақ аумағы бөлініп, әрбір бөлімшеге бекітілді. Біз қоқысты жинап, кейін жүк көліктерімен полигонға кезең-кезеңімен шығарамыз»,- деді СҚО ПД бастығы Абай Жүсіпов.

Тәртіп сақшылары қыс бойы жиналған жүздеген қап қоқысты жинап, сыртқа шығарды. Бұл үшін үш ауыр жүк көлігі мен екі тиегіш техника жұмылдырылды. Полицейлер қала және облыс тұрғындарын өз үлестерін қосып, елді мекендерді абаттандыруға қатысуға және Жеңіс сарбаздарының ерлігін еңбектерімен құрметтеуге шақырады.  

Тағы оқыңыз: Елімізде мал басын көбейтемін дегендерге «Игілік» және «Береке» бағдарламалары іске қосылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *