СҚО кәсіпкерлері биыл «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша 8,6 млрд теңге несие алған
Кәсіпкерлікті дамыту, несие алу жолдары, қажетті құжаттарды жинау. Петропавлда кәсіпкерлерге арналған жиын өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шара аясында кәсіпкерлерге несие алу жолдары мен қандай құжат жинау қажеттігі түсіндірілді. Іске асыралатын жаңа жобалар жайлы айтылды. Қазіргі таңда облыста кәсіпкерлер «Кең дала-2» бағдарламасының игілігін көріп жүр.
СҚО кәсіпкерлері биыл «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша 8,6 млрд теңге несие алған
«Биыл облыста кәсіпкерлер «Кең дала-2» бағдарламасы аясында 8 млрд 600 млн теңге несие алды. Барлығы 400-ден астам кәсіпкер қолдауға ие болды. Қаржы бес пайыз үстемеақымен беріледі», — деді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ СҚОФ директоры Арман Салықов.
Шараның кәсіпкерлерге берері мол. Оларға агрокредиттік корпорация мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жан-жақты ақпарат берді. Осы сияқты мазмұнды жиындар алдағы уақытта да өтетін болады.
СҚО кәсіпкерлері биыл «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша 8,6 млрд теңге несие алған
«400 гектар жерім бар. Егін еккім келеді. Мал шаруашылығымен айналыспақ ойым бар. Шарадан мол ақпар алдым. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау көңілден шығады», — деді жеке кәсіпкер Рүстем Ілиясов.