Петропавлда автөкөлік санаулы минуттың ішінде өртенді. Газбаллонды жабдық орнатылған мкшина толық жанып кетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Келеңсіз жайт Петропавлдағы Заводская көшесінде орын алды. Көпқабатты тұрғын үйге жақын жерде газбаллонды жабдық орнатылған жеңіл автокөліктен өрт шықты. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері жедел жетті.

Мамандардың үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт 15 минут ішінде толық сөндірілді. Көліктің сау-тамтығы қалмады деп айтсақ болады.

Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы ауылдардың 93 пайызы сапалы интернетпен қамтылған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *