Петропавлда жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Эко IQ: Таза Қазақстан» зияткерлік ойыны өтті. Оған М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде оқитын 50-ге тарта студент қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Сайыс жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруды көздейді. Алғашқы кезеңде қатысушы экологияға байланысты терминдерді іс-қимылмен, көмекші сөздермен көрсету керек. Жауабын командаластары тапқан жөн.

«Жыл басынан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырдық. Оның ішінде қала ішін тазарту, саябақ пен ескерткіш алаңдарын тазалау секілді жұмыстардан бөлек, колледж студенттері арасында зияткерлік ойындар бар. Тәжірибеге сүйенсек, осындай ойындар студенттер арасында айналаға деген қызығушылықты арттырады. Басты мақсат — экологиялық мәдениетті қалыптастыру», — деді қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы Гүлбақыт Байбосынова.

Екінші кезең тағы да тапқырлықты талап етті. Мұнда командаларға бөлінген қыз-жігіттер экологияға, қоқысты сұрыптау саласына, заңнамаға қатысты сауалдарға жылдам жауап беруге тырысты. Ұпайды ең шапшаң команда ұтып алады.

Белсенді болған және көп ұпай жинаған ұжым жеңіске жетті. Жүлдегерлерге дипломдар мен тәттілер түріндегі тартулар табысталды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда халық композиторының ескерткіші қоқыстан тазартылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *