Петропавл қаласында полицейлер көлігінде есірткі тасымалдаған жігітті ұстады. 33 жастағы қала тұрғыны психотроптың заттарды әр жақтан қалаға жеткізіп отырған, деп жазады Qazaqstan Media. 

«Audi» автокөлігімен жүрген 33 жастағы қала тұрғынын жеке тінту барысында ер адамның жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған 4 түйіншек табылып, тәркіленді. Тағы 25 түйіншек автокөліктен анықталып, алынды. Сараптама нәтижесінде аталған заттың жалпы салмағы 40 грамм болатын α-PvP синтетикалық есірткісі екені белгілі болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұрын сотталмаған ер адам өткен жылдың желтоқсан айынан бастап «жасырып кету» тәсілімен есірткі таратумен айналысқан. Кейін психотроптық заттарды қалаға жеткізуге көшкен.

Күдіктінің айтуынша, ол Қостанай қаласынан әкелген «сынақ» партиясымен ұсталған. Аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктіге 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

Жыл басынан бері СҚО-да полицейлер заңсыз айналымнан 7,5 келі синтетикалық есірткі тәркіледі.

Тағы оқыңыз: Аққайың ауданында құрғақ шөп өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *