Қозыбаев университетінің «Serpin way» автобусы онтүстікке аттанды. Олар алдағы 23 күннің ішінде 6 мыңнан астам шақырымды артта тастап, оңтүстік өңіріндегі оқушыларды «Серпін» бағдарламасы бойынша Петропавлға оқуға түсуге шақырады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
«Serpin way» бағдарламасын өткен жылы Қозыбаев университеті Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырған болатын. Биыл жоба өз жалғасын тапты. Осы жолы университет командасы Қарағанды, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Ақтөбе облысындағы 30-дан астам елді мекенді араламақ ниетте. Оның 14-і — қала. Сапар барысында арнайы топ 120-дан астам іс-шара өткізуде жоспарлап отыр.
«Сапардың маңызды мақсаты — ұлттық «Серпін» бағдарламасына жаңа серпіліс беру. Соңғы 10 жыл ішінде бұл бағдарлама мыңдаған жастың сапалы білім алуына септігін тигізді. Бұл кадр тапшылығы бар аймақтарда жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді. Жалпы «Serpin Way» бағдарламасы аясында біз қалалар мен шалғай ауылдардағы жергілікті әкімдіктермен, мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кездесулер ұйымдастырамыз. Биыл 600 мың адамды қамтымақшымыз», — деді «Serpin Way» жобасының жетекшісі Ғабит Мүсірепов.
Жалпы, қазіргі таңда жергілікті білім ордасының бірінші курсында «Серпін» бағдарламасы бойынша 130-ға жуық студент білім алып жатыр.
Тағы оқыңыз: Аққайың ауданында құрғақ шөп өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылды

