Қазақстанда 2026 жылы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері жаңартылып, Айлық есептік көрсеткішке (АЕК) сәйкес қайта есептелді. Бұл туралы BAQ.KZ. хабарлады,деп жазады QM.

Биыл 1 АЕК – 4 325 теңге. Айыппұлдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (ӘҚБтК) нормаларына сәйкес белгіленген.

Жылдамдықты асырғаны үшін

ӘҚБтК-нің 592-бабына сәйкес:
• 10–20 км/сағ – 5 АЕК (21 625 теңге);
• 20–40 км/сағ – 10 АЕК (43 250 теңге);
• 40–60 км/сағ – 20 АЕК (86 500 теңге);
• 60 км/сағ және одан жоғары – 40 АЕК (173 000 теңге).

Телефон қолдану және қауіпсіздік
• Рөлде телефон пайдалану – 5 АЕК (21 625 теңге);
• Қауіпсіздік белдігін тақпау – 5 АЕК (21 625 теңге).

Қиылыстар мен арнайы көліктер
• Кептелісте қиылысқа шығып, қозғалысқа кедергі келтіру – 3 АЕК немесе ескерту;
• Арнайы сигналды көліктерге жол бермеу – 15 АЕК (64 875 теңге).

Тоқтау және тұрақ ережелері
• Жалпы бұзу – 5 АЕК;
• Тротуарға немесе балалар алаңына қою – 10 АЕК;
• Кедергі келтіріп тоқтау – 10 АЕК;
• Мүгедектерге арналған орынға қою – 10 АЕК;
• Ақылы тұраққа төлем жасамау – 1 АЕК.

Мас күйінде көлік жүргізу

ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша:
• Алкоголь нормасынан асыру – 200 АЕК (865 000 теңге);
• 0,5%-дан жоғары – 300 АЕК (1 297 500 теңге);
• Тексеруден бас тарту – 250 АЕК немесе 15 тәулікке дейін қамау;
• Қайталанса – 400 АЕК және 2 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айыру.

Қызыл шамнан өту
• Бағдаршамның қызыл түсіне өту – 10 АЕК (43 250 теңге) (ӘҚБтК 599-бап).

Маневр және жолдағы тәртіп
• Бұрылыс белгісін қоспау – 5 АЕК;
• Тыйым салынған жерде артқа жүру – 10 АЕК;
• Қарсы бағытқа шығу – 6 айға дейін куәліктен айыру;
• Тротуармен жүру – 15 АЕК.

Жаяу жүргіншілерге қатысты
• Жаяу жүргіншіні өткізбеу – 10 АЕК;
• Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту – 2 АЕК (8 650 теңге).

Айта кетейік, 2026 жылғы 12 наурыздан бастап жаяу жүргіншілердің кейбір құқықбұзушылықтары камералар мен дрондар арқылы тіркеледі.

Жол-көлік оқиғасы

ӘҚБтК-нің 610-бабы:
• Материалдық шығын – 25 АЕК;
• Жеңіл жарақат – 40 АЕК немесе құқықтан айыру;
• Құжатсыз жүргізу – 60 АЕК.

Басқа да бұзушылықтар
• Полиция талабын орындамау – 40 АЕК;
• Оқиға орнын тастап кету – 50 АЕК;
• Жалған нөмір қолдану – 15 АЕК;
• Техникалық ақауы бар көлікпен жүру – 5 АЕК.

Сондай-ақ, экологиялық талаптарды бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК, ал заңды тұлғаларға 100 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Айыппұлдар қайталанған жағдайда екі есеге дейін ұлғаюы мүмкін.

Тағы оқыңыз: «Тұмар» үлгілі би ансамблі халықаралық байқаудан олжалы оралды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *