Ұлттық спорт күніне орай Петропавлда қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Оған 200-ге жуық бозкілем шебері қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы мен Астана қаласы. Бозкілемде еліміздің 8 өңірінен келген 200-ге жуық палуан бақ сынады.
СҚО-да ұлттық спортымыз ұлықталды
«Бұл іс-шараны облысымызда өткізу себебі — өңірімізде беделді спортшылары арттыру. Өңіріміздің ұлттық спортын дамытуға, балалардың өнерін жетілдіруге септігін тигізеді деп ойлаймын. Сонымен қатар, мұндай сайыстар арқылы жас таланттарды анықтағымыз келеді», — деді жарыстың бас төрешісі Асылхан Болатов.
Жасөспірімдер арасында республикалық турнир осымен тоғызыншы жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Палуандар тыңғылықты дайындалған. Әрқайсысы үйіне чемпиондық атақпен қайтқысы келеді. Наурыз қарсаңында ұйымдастырылған республикалық турнир бағдарламасы қызықты. Палуандар күреспен шектелмеді. Олар артқан тартты, асық атты және тоғызқұмалақ ойнады.