Ж.Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінде Әз-Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Көктемнің жаңаруын айшықтайтын тағылымды шараға студенттер мен колледж әкімшілігі белсене қатысып, ұлттық құндылықтар мен этносаралық татулықты дәріптеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Мерекелік іс-шара байқау форматында ұйымдастырылды. Колледждің үш мамандығында білім алып жүрген студенттер татар, кәріс және түрік халықтарының салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын таныстырып, олардың мәдени ерекшеліктерін көпшілік назарына ұсынды. Ал оқу орнының әкімшілігі қазақ халқының ұлттық тағамдарын әзірлеп, қонақтарға Наурыздың шынайы сән-салтанатын сезіндірді. Қымыз құйылып, жеті түрлі дәмнен наурыз көже дайындалды.

Әз-Наурыз бірлік пен татулықтың думанына айналды
Әз-Наурыз бірлік пен татулықтың думанына айналды

Шара барысында әр ұлттың әдет-ғұрпы дәріптеліп, ән мен би шырқалды. Түрлі мәдениеттің тоғысқан мерекелік кеші көрерменге ерекше әсер сыйлап, колледж ұжымының ұйымшылдығын тағы бір мәрте көрсетті.

Колледж директоры Нұрболат Иманжановтың айтуынша, бұл іс-шараның басты мақсаты – жастарға татулық пен бірліктің маңызын ұғындыру.

Әз-Наурыз бірлік пен татулықтың думанына айналды
Әз-Наурыз бірлік пен татулықтың думанына айналды

«Наурыз – көктемнің жаңару мерекесі. Бұл – Қазақстанда тұратын барша халыққа ортақ мейрам. Біздің колледжде де түрлі ұлт өкілдері білім алады. Бүгінгі іс-шара арқылы біз татулық пен бірлікті айқындағымыз келді», – деді ол.

Береке мен бірліктің бастауы болған Әз-Наурыз бұл күні колледж қабырғасында тек мереке ғана емес, достық пен өзара құрметтің жарқын көрінісіне айналды.

Әз-Наурыз бірлік пен татулықтың думанына айналды
Әз-Наурыз бірлік пен татулықтың думанына айналды

Тағы оқыңыз: СҚО-да саяси науқанға белсенді қатысқан жандар марапатталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *