19 наурыздан бастап Қазақстанда тұтынушылық несиеге қатысты жаңа талаптар егізіледі. Жаңашылдықтардың ең маңыздысы – қарыз алушыларға қойылатын талаптардың күшеюі, деп жазады Qazaqstan Media.

 Бұл өзгерістер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңға енгізілген жаңартулар негізінде жүзеге асырылады. Бұған дейін 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға ғана несие берілмейтін. Енді бұл шектеу 30 күнмен шектеледі. Яғни кез келген несие бойынша төлемін бір айдан артық кешіктірген адамға жаңа тұтынушылық қарыз рәсімдеу мүмкін болмайды. Дегенмен бұл талап бұрын алынған несиені қайта қаржыландыруға әсер етпейді.

Сонымен қатар, онлайн немесе кепілсіз несие рәсімдеу кезінде міндетті түрде биометриялық сәйкестендіру енгізіледі. Егер азамат бұрын несие алып көрмеген болса және оның кредиттік тарихы болмаса, 150 айлық есептік көрсеткіштен (2026 жылы шамамен 650 мың теңге) жоғары сомаға қарыз алу үшін банк бөлімшесіне өзі баруы қажет. Банкке келген кезде де клиент биометриялық тексеруден өтіп, жазбаша келісім береді.

Жаңа заң тек қарыз алушыларға ғана емес, қаржы ұйымдарына да қосымша міндет жүктейді. Егер клиенттің шотына немесе несиесіне қатысты алаяқтық әрекеттер анықталса, банк:

  • 1 жұмыс күні ішінде клиентті хабардар етуге;
  • 2 күн ішінде күмәнді операцияларды тоқтатуға;
  • 10 күн ішінде келтірілген шығынды жоюға міндетті.

Бұл талаптар тауарларды бөліп төлеу немесе несие арқылы сатып алуға да қатысты болады.

Тағы оқыңыз: Петропавл әкімі мүгедектігі бар тұрғынға пәтер мәселесін шешуге көмектеспекші

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *