Ботагөз Төлегенова — 3-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Ол облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі барысында өзі секілді жандардың мәселесін көтерді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Алқалы жиын барысында шаһар басшысына сұрағын қала тұрғыны Ботагөз Төлегенова қойды. Ол – 3-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматша. Дәлірек айтсақ, тілінде кемістігі бар.
Нәзікжанды 3-ші топтағы зағип жандар үшін де автобус тегін болғанын қалайды. Сонымен қатар, мемлекет атынан баспана алғысы келеді. Серік Мұхамедиев азаматшаға қолдан келген көмекті аямайтынын жеткізді.

«Бүгін немесе ертең қалалық әкімдікке келуіңізді сұраймын. Баспана мәселесін жан-жақты талқылайық. Петропавлда әлеуметтік осал топтағы жандар үшін көпқабатты үйлер салынуда. Сізге қандай құжат жинау қажет екенін түсіндіреміз. Ал автобус жайлы айтатын болсам, бұл менің қолымда емес. Біз тек заң аясында жұмыс істейміз», — деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.
Тағы оқыңыз: Петропавлда жастарға арналған шеберлік сабағы өткізілді

