Петропавлда жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен шеберлік сабағы өтті. Оның барысында арнайы мамандар шығармашылық үйірмеге қатысатын жас жеткіншектерге қолөнер туындыларын жасауды үйретті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Іс-шараға бүгін 10-нан астам жас жеткіншек қатысты. Балалардың сөзінше, шеберлік сабағы өте қызық әрі пайдалы өтуде. Олардың қатарында қазақи нақыштағы әшекейлерді, ою-өрнектерді бірінші рет көріп тұрған жандар да бар.

«Бүгін балалар қазақ халқының әшекей-бұйымдарын жасауды үйренеді. Сонымен қатар ою-өрнектердің суретін салады. Басты мақсат — балаларды қазақтың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына сусындату», — деді қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Айсұлу Бекімова.

Іс-шара соңына қарай балаларға сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, дастархан жайылып, дәм ұсынылды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жүргізуші куәлігін «жасап бермек» болған алаяқ ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *