Көктем лебі сезіліп, қар азайды, аулаларда, көшелерде тазалық орнататын күн жетті. Осы орайда, қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары тазалық шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қаламыз құлпыруы қажет. Бұл тұрғыда Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының өкілдері жарады. Олар экологиялық әрі қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, шаһардың шырайын келтіруге үлес қосты.

Петропавлда еріктілер тазалық шарасын өткізді
Петропавлда еріктілер тазалық шарасын өткізді

«Бүгін айналаға қамқорлық танытатын еріктілер бірікті. Біз жазушы Ғабит Мүсірепов ескерткішінің маңын қар мен қоқыстан тазалап жатырмыз. Ендігі кезек — Шоқан Уәлиханов ескерткіші орналасқан аумақ. Мұнымен жұмысымыз аяқталмайды. Сонымен қатар, біз жалғызбасты қарттардың аулаларын тазалауға көмектесеміз», — деді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.

Игі іске қатысқандардың бір бөлігі — мектеп оқушылары. Аумақтардың ажарын ашуға септесіп жүрген жастарға қарап көңіл тояды. Олар тазалыққа мән беру — жауапкершілік деп түсінеді. Жалпы, бүгін Петропавлда 60-қа жуық ерікті тер төкті. Топтарға бөлінген жастардың арқасында қаламыз көркейіп, қоғамда тазалық мәдениеті нығая түсті.

Тағы оқыңыз: Петропавлда зейнеткер қар тазалаймын деп шатырдан құлаған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *