СҚО әкімі Ғауез  Нұрмұхамбетов облыстық «Soltústіk Qazaqstan» газетінің редакциясына жаңа көлік сыйлады. 105 жылдың тарихы бар басылымның оқырмандар үшін орны бөлек, деп жазады Qazaqstan Media. 

Солтүстік Қазақстанның қара шаңырағына айналған «Soltústіk Qazaqstan» газетіне 105 жыл толып отыр. Басында «Кедей сөзі» деген атаумен жарыққа шыққан газет, кейін «Бостандық туы», «Кеңес ауылы», «Ленин туы» болып өзгерген. Ал 1993 жылдан бастап «Soltústіk Qazaqstan» атауымен оқырмандарын қуантуда. 

«Soltústіk Qazaqstan» газетіне облыс әкімі көлік сыйлады
«Soltústіk Qazaqstan» газетіне облыс әкімі көлік сыйлады

Алаштың асыл азаматтары іргесін қалаған  «Soltustik Qazaqstan» газетінің оқырмандар үшін орны бөлек. Газеттің алғашқы саны 1920 жылы Омбы қаласында жарық көрген. Облыстық газет – Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров, Сәбит Мұқанов секілді алаш зиялыларының қолтаңбасы қалған баспа.

Осыдан 105 жыл бұрын жалауын желбіртекен баспа, бірнеше баспалдақтан өтіп бүгін жетер биігіне көтеріліп отыр. Ғасырдан астам уақыт өтсе де, газет өз оқырмандарын жоғалтқан жоқ. Бүгінде «Soltústіk Qazaqstan» газетінде аға буынның ізін жалғап келе жатқан жас тілшілер де бар.

Осы  мерейтойға орай облыс әкімі газет ұжымына жаңа жеңіл көлікті сыйға тартты. Одан қалды, редакция ғимаратына күрделі  жөндеу жұмыстарына жүргізілетін болды.

Тағы оқыңыз: Наурызда уланудан сақтаныңыз

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *