Наурыз мейрамы жақындаған сайын ел ішінде азық-түлікке сұраныс артатынын еске салды.
«Мерекеге дайындық барысында халық жаппай азық-түлік сатып алады, ата-аналар балабақшалар мен мектептерге тағам апарады, қалалар мен елді мекендерде жәрмеңкелер ұйымдастырылады.
Мерекелік іс-шаралар кезінде тағамнан улану мен инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында бірқатар талаптарды сақтау қажет», — делінген хабарламада
Осыған байланысты ведомство мерекелік іс-шаралар барысында тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу үшін бірқатар талапты сақтау қажет екенін мәлімдеді.
Министрлік ең алдымен іс-шара ұйымдастырушылары мен қатысушыларға адамдардың шамадан тыс көп жиналуына жол бермеуді ұсынды. Қатысушылар санын алдын ала жоспарлап, аумақтарға бөліп ұйымдастыру шарт дейді. Сонымен қатар тағам әзірлеу мен сату кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы керектігін ескертті.
Үй жағдайында дайындалған өнімдерді сатуға тыйым салынады. Әсіресе белгісіз жеткізушілерден алынған наурыз көже, айран және өзге де қолдан әзірленген тағамдарды сатуға жол берілмейді. Сондай-ақ сатушылар арнайы киіммен қамтамасыз етілуі шарт. Тез бұзылатын өнімдерге арналған тоңазытқыш жабдықтар мен бір реттік ыдыстар жеткілікті болуы тиіс.
Бұдан бөлек, сауда орындарында өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар міндетті түрде болуы қажет.
«Қауіпсіз тағам өнімдерін таңдап, балаларға арналған астың жас ерекшелігіне сай болуына ерекше назар аудару қажет. Сондай-ақ жарақаттанудың алдын алу үшін, әсіресе балалармен бірге, адамдар көп жиналатын орындарда барынша абай болған жөн»,- делінген хабарламада.
Ведомство сақтау мерзімі мен талаптары сақталмаған үй жағдайында дайындалған өнімдерді тұтыну жаппай улануға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.