Петропавлдағы көпбейінді қалалық ауруханасына екі өкшесі сынған зейнеткер жеткізілді. Ол шатырды қардан тазартамын деп мертігіп қалыпты, деп жазады Qazaqstan Media.
Ауруханаға жеткізілген 67 жастағы ер адам екі аяғының ауыратынына және ісіп кеткенін айтып, шағымданған. Айтуынша, шатырдағы қарды түсіремін деп, екі метрлік биіктіктен құлаған.
Пациентті травматолог, хирург пен терапевт қарап-тексерді. Абырой болғанда ішкі ағзаларына зақым келмеген. Алдын ала қойылған диагноз — екі өкше сүйегінің жабық сынуы. Ер адамға хирургиялық операция жасалады.
«Операция алдында толық қарап-зерттеу жүргізілді. Анестезиолог-реаниматолог пациенттің жай-күйін бағалады және операция жасауға рұқсат берді. Бұл операция қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндетті кезеең. Осы сияқты жарақаттар емделуді ғана емес, сондай-ақ ұзақ уақыт қалыпқа келуді қажет етеді, әсіресе егде жаста»,-дейді дәрігерлер.
Ақ халатты мамандар шатырдағы еріп жатқан қар мен мұздан, көктайғақтан сақ болуға шақырады.
Тағы оқыңыз: 10 солтүстікқазақстандық бозбала шекара қызметіне әскерге аттанды

