Қаланы таза ұстау, өңірдің санитарлық және экологиялық ахуалын жақсарту полиция қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. Тәртіп сақшылары бір аптаның ішінде абаттандыру қағидаттарын бұзудың 400-ден астам фактісін анықтады. Арасында кәсіпкерлер де заң бұзған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Учаскелік инспекторлар халықпен кездесулерде және аулаларды аралау барысында тұрғындарға заң талаптарын тұрақты түрде түсіндіреді. Соның ішінде ірі көлемді қоқысты бей-берекет тастауға тыйым салынғаны ерекше атап өтіледі. Талапқа бағындарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Жуырда полицейлер кәсіпкер әйелді жауапкершілікке тартты. Ол жұмысшыларына ескі сауда сөресін қоқыс контейнерлерінің жанына қалдыруды тапсырған. Сондай-ақ тағы екі тұрғынға корпус жиһазының бір бөлігін сыртқа шығарып тастағаны үшін жаза қолданылды.

«Абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтауға учаскелік полиция пункттеріне қосылған бейнебақылау камералары және құқықбұзушылықтарды бейнежазбаға түсіретін көпқабатты үйлердің тұрғындары көмектесуде. Жыл басынан бері Петропавлда абаттандыру қағидаларын бұзудың 1288 фактісі анықталды. Облыс көлемінде тек соңғы аптада 429 құқықбұзушылық және қоғамдық орындарды ластаудың 15 дерегі тіркелді, — деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Қаңтар айынан бері облыс орталығында тұрғындармен 46 кездесу өткізілді. Олардың әрқайсысында ірі көлемді қоқыс мәселесі көтеріліп, жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары WhatsApp мессенджеріндегі үй чаттары арқылы жадынамалар таратып, кәсіпорындар мен ұйымдарға заң талаптарын түсіндіруде.

Тағы оқыңыз: 20 наурыз – Ораза айт мейрамы

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *