Қазақстанда мектеп бағдарламасын жаңарту аясында алдағы жылдары бірқатар сыныптарға арналған жаңа оқулықтар жарық көреді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media.
2026 жылы — 3, 4, 7, 8 және 9 сыныптардың оқулықтары жаңартылады. 2027 жылы — 1 және 5 сыныптарға жаңа оқулықтар шығарылады, 10–11 сынып оқулықтары толық жаңартылып, карталар мен тарихи-әкімшілік материалдар ауыстырылады. 2028 жылы — 2 және 6 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар басып шығарылады.
Министрдің айтуынша, мұндай жүйелі жаңарту оқушылардың сапалы білім алуына жол ашады. Аналитикалық әрі ғылыми ойлау қабілетін дамытуға және қазіргі экономика талап ететін құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ерекше назар аударылады. Дуальді оқыту жүйесі күшейтіліп, теориялық білім мен өндірістік тәжірибені тиімді ұштастыру көзделуде. Тәрбие жұмысы да жаңаша бағытта жүргізіледі. 5–9 сыныптарда:
- «Адал азамат» бірыңғай бағдарламасы
- «Конституция негіздері»
- «Заң және тәртіп» курстары
- Экологиялық білім беру енгізіледі.
Ол оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, патриотизмін және әлеуметтік-экологиялық мәдениетін қалыптастыру жоспарланып отыр.
Тағы оқыңыз: Петропавлдан қыстан бері 850 мың текше метр қар шығарылған

